"Оқу сабағында дамыта оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушы танымын дамыту " тақырыбымен аймақтық семинар өтті

2022 жылдың 16 қараша күні бастауыш сыныптарда "Оқу сабағында дамыта оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушы танымын дамыту " тақырыбымен аймақтық семинар өтті. Семинар жұмысын мектеп директоры Г.У.Кожахметова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Келесі кезекте семинарға қатысушылар 3 "А" сыныбындағы қазақ тілі пәнінен "Түбір сөз және туынды сөз" тақырыбындағы  бастауыш сынып мұғалімдері Г.Е.Есенғалиеваның, 3 "Е" сыныбында литературное чтение пәнінен "Почему год круглый" тақырыбындағы А.И.Кубашеваның зерттеу сабақтарына қатысты. 2 кезеңде бастауыш сыныптардағы мектеп директорының оқу ісі меңгерушілері Ш.А.Молотова, Б.А.Мурзагалиева,  бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі Г.Г.Адилова "Развитие знаний учащихся путем использование на уроке развивающих методов обучения " тақырыбымен коучинг өткізді. Қорытынды кезеңде кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар семинар жұмысына оң баға берді.

 

А. Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейі

Мекенжайы: Атырау қ., Сәбит Мұқанов, 3

Телефон: +7 (7122) 45‒30‒90

Email: atyrau-sh20@mail.ru