А.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінің тәрбие жұмыс жоспары

А.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейінің тәрбие жұмыс жоспары  2021-2022 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған іс-шаралар негізінде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы 15-қосымшасымен бекітіліп жасақталды. Жоспарға сәйкес барлық сыныптарда сынып жетекшілердің  тәрбие жұмыс жоспарлары бекітілді.  Мектеп бойынша 1605 оқушы, 69 сынып бар.  Тәрбие жұмысы жоспарын жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Карантин талаптарына сай барлық тәрбие шаралары санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды. Оқу жылының басында Оқушылар парламенті жобасын жүзеге асыруда өзін-өзі басқару мектеп парламенті құрылды.  Қыркүйек айында дәстүрлі Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағыты бойынша «Абайлаңыз балалар!»  мектеп инспекторларымен бірлескен сынып сағаттары, кездесулер өткізілді. Қыз балалармен жұмыс жүргізуде жоғары сынып қыз балаларымен гинеколог, психолог мамандармен бірлескен кездесу сабақтары өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі жұмысы өз кезегінде учаскелік инспекторлармен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізіп, мектеп оқушыларының тәртіп бұзушылығын анықтау,бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ІІБ есепте тұрған оқушылар, қиын балалар дәл қазір мектеп бойынша жоқ. 1 –қазан –Қариялар күніне орай мектептің еріктілер ұйымы мүшесі Атырау қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйіне барып, қамқорлық шарасын өткізді. Сондай-ақ, Ұстаздар күні мерекесіне орай мектеп бойынша «Ұстаз- аты мәңгілік» тақырыбымен тәрбиелік шаралар өткізілді.  Патриоттық тәрбие бағытында Тәуелсіздік мерекесіне орай ауқымды шаралар ұйымдастырылды.  Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда мектеп кітапханасында шаралар жүргізілді. «Дебат клубы» жобасы бойынша  мектепішілік,қалалық, облыстық жарыстарға оқушыларымыз қатысып, жүлделі орындар иеленді.  Алғыс айту күніне орай ,  8- наурыз , 22 наурыз мерекелеріне орай оқушылар парламентінің ұйымдастыруымен шаралар өткізілді. Сондай-ақ сәбилер үйінде қайырымдылық шарасы өткізіліп, мектеп еріктілерінен қамқорлық жұмыстары ұйымдастырылды.  «Тарихи тұлғалар  тағылымы» жобасын жүзеге асыруда «Алтын адам» шеруі, көрмелер ұйымдастырылды. Тарихи орындарға саяхат ұйымдастыруда Сарайшық қаласы орнына экскурсиялар жүргізілді.  Сәуір айында Ғылым мен техника күніне орай тәрбиелік шаралар, экологиялық тәрбие бағытында сенбіліктер өткізілді. Мамыр мерекелерін қарсылауда 1 мамыр мерекесіне орай «Венок дружбы» тақырыбымен фестиваль ұйымдастырылды.  7,9-мамыр мерекелеріне орай патриоттық сағаттар ұйымдастырылды.  Ата-аналармен жұмыс бойынша әр тоқсан сайын сынып ата-аналары жиналыстары өткізіліп келеді. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда мектепте үйірмелер, клубтар жұмыс жасайды. Үйірме ,клуб жұмыстары нәтижесі бойынша мектеп оқушылары спорттық, шығармашылық байқау, сайыстардан республикалық,облыстық, қалалық байқаулардан жүлделі орындарға ие болып келді. 

Дайындаған: Б.Н.Хамзина

А. Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейі

Мекенжайы: Атырау қ., Сәбит Мұқанов, 3

Телефон: +7 (7122) 45‒30‒90

Email: atyrau-sh20@mail.ru